Батыс Қазақстан облысында 17 жастағы бірінші курс студенті сегізінші қабаттан секіріп кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 21 қазанда болған.
"Студент Облыстық көпсалалы ауруханаға жатқызылды. Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - делінген хабарламада.
Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің сөзінше, студент қыз жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!