Батыс Қазақстан облысында өртенген үйден үш адамның сүйегі табылды. Олар ысқа тұншығып көз жұмған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Бөрлі ауданына қарасты Ақсай қаласында болған. Солтүстік көшесіндегі жер үйден өрт шыққанын көршілері байқаған. Олар өртсөндірушілер келгенге дейін үйілген қарды шашып, өртті өшірмек болған. Бірақ тілсіз жау ырық бермеген.
Өртенген үйден табылған үш адам кім екенін сарапшылар анықтап жатыр. Ал оттың неден тұтанғаны әзірге белгісіз.
"Өртсөндірушілер келген кезде үй қатты жанып жатқаны анықталды. Өртті сөндірген кезде үйден үш адамның сүйегі табылды. 90 шаршы метр аумақ өртенді. Өрттің себебі анықталып жатыр", - деді БҚО ТЖД басқармасы бастығының орынбасары Дәмір Салихов.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!