- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- БҚО-да бес жігіт...
БҚО-да бес жігіт 13 жастағы қызды зорлаған: іс сотқа жіберілді
Оралда 13 жастағы қызды зорлады деген күдіктілердің ісі сотқа жіберілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап.
Оқиға былтыр 12 маусымда сағат 01.00 шамасында болған. 15 және 16 жастағы 4 жасөспірім жалдамалы пәтерде 13 жастағы қызды зорлаған болатын. Артынша тағы бір кәмелетке толған жігіт күдікке ілінді. Пәтерді жалға алған сол жігіт болған.
Тергеу болжамы бойынша, олар қызды алдап пәтерге әкелген.
БҚО полиция департаментінің мәліметінше, қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталған. Іс сотқа жіберілген. Облыстық сот баспасөз қызметінің мәліметінше, іс өткен жылдың 13 желтоқсанында қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотқа түскен. Қазіргі уақытта ол қарастырылып жатыр, бірақ процесс зардап шеккендер мен айыпталушылардың жасына байланысты жабық режимде өтеді.
Жалпы бес күдікті бар, оның төртеуі - кәмелетке толмаған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина