• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

БҚО-да балық жаппай қырылып жатқаны рас па? Министрлік жауабы

БҚО-да балық жаппай қырылып жатқаны рас па? Министрлік жауабы
Фото: Видео кадры

Әлеуметтік желілерде "Батыс Қазақстан облысында балықтар жаппай қырылып жатыр" делінетін видео тарап кетті. Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті желіде тараған ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Instagram-да балық аулау орындарының бірінен "Қазақстан, БҚО, Орал" деген жазуы бар видео пайда болды, кадрларда балық мұзда қатып қалғаны көрінеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ben Ben (@erkinbalgaziev)

"Қараңыздар, екі күн бұрын мұнда су болған, тірі балықтар жүрген, шортандар. Міне, қаншама балық", – дейді кадр сыртындағы дауыс.

Балық шаруашылығы комитеті мәліметінше, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Жайық-Каспий су шаруашылығы бассейні инспекциясы бұл видео 14 ақпанда Telegram-да жарияланғанын және шын мәнінде Ресейдің Астрахань облысында түсірілгенін анықтаған.

"БҚО аумағындағы су айдындарындағы мұздың қалыңдығы 30-40 сантиметрге жетеді, ал видеодағы климаттық жағдай және ауа райы мүлдем өзгеше. БҚО балық инспекциясы басқармасының мамандары облыс аумағындағы су айдындарында күнделікті бақылау және қадағалау жұмыстарын жүргізіп жатыр", – деді комитет өкілі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget