- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Төтенше жағдай туралы
БҚО-да балалар өрттен қашамыз деп терезеден секірген
Ақсай қаласында пәтерден өрт шығып, бірнеше адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.
22 қарашада таңертең Ақсай қаласындағы 10-шағынауданда №19 үйде өрт шыққан. БҚО ТЖД мәліметінше, 4-қабаттағы пәтерде жиһаз бен жеке заттар жанып кеткен. Өрттің ауданы 60 шаршы метр болған. Құтқарушылар 12 адамды эвакуациялады, жетеуі - бала.
Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан жантүршігерлік кадрлар тарады. Видеода екі кішкентай бала төртінші қабаттың терезесінен секіргені көрінеді, ал төменде оларды адамдар қағып алған.
Екі бала да ауруханаға жеткізілді.
Өрт сағат 9:47-де ауыздықталды. Оқиғаның себептерін мамандар анықтайды. Ақсай қаласының әкімдігі жағдай бақылауда екенін және отбасына көмек көрсетілетінін хабарлады.
Еске салайық, 17 қарашада Астанада жантүршігерлік оқиға болды. Жеке екі қабатты тұрғын үйдің шатыры өрт салдарынан опырылып, төрт бала қаза тапты. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Елорда әкімдігі зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетуге уәде берді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова