- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- БҚО-да әйел өз...
БҚО-да әйел өз балаларын сатты деген күдікке ілінді
Фото:
elements.envato.com
Атырауда БҚО-ның 32 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол өз балаларын сатты деген күдікке ілінген, - деп хабарлайды "Ақ жайық".
Басылым мәліметінше, әйел сатып алушыларды өзі тапқан. Ол 1 және 2 жастағы екі баланы сатты деген күдікке ілініп отыр. Қандай сомаға сатқаны әлі белгісіз.
Бұл іске қатысты Қылмыстық кодекстің 135-бабы "Кәмелетке толмағандар саудасы" бойынша соталды тергеу басталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова