Батыс Қазақстан облысында ер адамнан ақша бопсалады деген күдікпен 31 жастағы тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдын ала мәлімет бойынша әйел адам жеке суреттерді таратамын деп қорқытып, ақпаратты жарияламау үшін 500 мың теңге талап еткен.
"Күдікті ұсталды. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында ақша мен заңға қайшы әрекеттердің дәлелі бар телефон тәркіленді. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір соталды тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!