БҚО-да ауыл маңынан 144 келі медициналық қалдық табылды

БҚО-да ауыл маңынан 144 келі медициналық қалдық табылды
Фото: "Жетінші арна"

Батыс Қазақстан облысы Байқоныс ауылы маңындағы қоқыс полигонынан 144 келі медициналық қалдық табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Жетінші арнаға" сілтеме жасап.

Жауапты мамандар топырақ сынамаларын алған. Нәтижесі бір апта ішінде белгілі болады. Ал қалдықтар табылған жер арнайы препаратпен залалсыздандырылған.

Қазір тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Мұндай қалдық арнайы пеште өртелуге тиіс. Өңірде осындай қызмет көрсететін бірнеше кәсіпорын бар.

"Зертханалық талдау нәтижесінде ауру белгілері, қоздырғыштар табылған жағдайда заңнамаға сәйкес қайта жұмыстар жүргіземіз", - деді СЭҚБ басшысының орынбасары Гүлдана Кереева.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget