Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында әкімдік 61 млн теңгеге қызметтік көлік сатып алмақ болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Прокуратура мәліметінше, биыл шілдеде аудан әкімдігі мемлекеттік сатып алу порталына сегіз қызметтік автокөлік сатып алу туралы хабарландыру орналастырған. Көліктердің жалпы құны 61,4 млн теңгеге жеткен.
Алайда бұл сатып алу Үкіметтің 2025 жылғы 24 қыркүйектегі №792 қаулысымен енгізілген мораторий талаптарына қайшы болған.
Прокурор наразылық білдіргеннен кейін мемлекеттік сатып алу рәсімдері тоқтатылып, 61,4 млн теңге бюджет қаражатының жұмсалуына жол берілмеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!