Облыс әкімі Нариман Төреғалиев жұмыссыз тұрғындарға бос жұмыс орындарын ұсыну, жастарға болашақта мамандық таңдауға жәрдемдесу, кәсібін ашуға бағыт-бағдар беру мақсатында ұйымдастырылған Talpyn мүмкіндіктер алаңы іс-шарасына қатысты.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, отандастарымыз әлеуметтік қолдаудың игілігін көруі тиіс. Соған сәйкес, елімізде халықты әлеуметтік қолдау мақсатында бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. Мемлекет тарапынан түрлі несиелер мен гранттар бөлінуде. Грант алғандар бүгінде мал, құс шаруашылығын дамыту, бау-бақша өсіру, кондитерлік, нан өнімдерін өндіру, тігіншілік, автокөлік жөндеу, қосымша білім беру, әртүрлі қызметтер көрсету бойынша еңбек етуде", - деді облыс әкімі.
Сонымен қатар өңір басшысы еңбек саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізген жаңа жұмыс орындарын ашып, жергілікті тұрғындарымызды жұмыспен қамтып отырған кәсіпкерлерді марапаттады.
Шара барысында орталық алаңда белсенді жастармен кездесу, құзырлы орган, банк мамандарының кеңестерін алуға және де қайтарымсыз грант иегерлерінің шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, IT саласындағы, қолөнершілердің көрмелері ұсынылды.
Материалды Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ұсынды
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!