- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- БҚО-да 900 мың...
БҚО-да 900 мың теңгелік ит дәрігер уколынан кейін өліп қалған
Батыс Қазақстан облысында 2 мың еуро тұратын ит мал дәрігерінің уколынан кейін өліп қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаменті сотқа үшінші тарап ретінде қатысып жатқанын хабарлады. Істі Батыс Қазақстан облысының Бөрлі аудандық соты қарап жатыр.
2023 жылы әйел Белла атты итімен ветеринарлық клиникаға зарарсыздандыруға барған. Содан кейін үй жануарында асқыну пайда болды, жануарға операция қажет болған. Бұл үшін ит иесі 165 мың теңге төлеген. Бірақ жануардың жағдайы жақсармай, Оралдағы ветеринарлық клиникаға жеткізілген. Клиникада жануардың ауруының себебі сапасыз тігіс тіндердің некрозы екенін айтқан. Беллаға үшінші ота жасалды.
Осы уақытта Белла зарарсыздандырылған емханада өліп қалған тағы бір чихуауа итінің иесі де бөлімге хабарласты. Құны 2000 еуро тұратын медаль иегері Ассоль ветеринар қабылдаған дәріден кейін тыныс алуын тоқтатқан.
"Иттің иесі жануардың арқасындағы тері астындағы веннің қабынуына байланысты ветеринарлық клиникаға барған. Клиника шұғыл ота жасауды ұсынды. Олар босаңсытатын инъекция жасады, ол жануарды терең ұйқыға жіберуі керек еді. Алайда Ассоль құрысып, біртүрлі дем ала бастады. Операциядан кейін ит біртүрлі дірілдеген. Бірақ дәрігер бұл уколдың салдары екенін және екінші инъекция жасау керегін айтты. Екінші препаратты енгізгеннен кейін ит тыныс алуды тоқтатты", - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Үй жануарларының иелері материалдық шығынды өтеуді талап еткенімен, ветеринарлық клиника бұл талаптарды елемеген. Әйелдер сотқа жүгінді, іс қаралып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек