БҚО-да 90-нан астам жер телімі мемлекетке қайтарылды

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуын талдау нәтижелері бойынша шаруа қожалықтарының 90-нан астам жер телімдерін мақсатсыз пайдалану фактілерін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәселен, шаруа қожалығы 4 жылдан астам ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге берілген жер телімін игермеген.

Заңнаманы бұзу фактілері және оларды жою бойынша шараларды қабылдау мақсатында прокуратура аудан әкімдігіне тиісті ұсыну енгізді.

Қадағалау актісіне сәйкес жалпы ауданы 1388 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы 13,9 млн теңгеге 4 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.

Сол сияқты Жаңақала аудандық прокуратурасының қадағалау актісіне сәйкес жалпы ауданы 8 мың га, кадастрлық құны 22 млн теңгеден асатын, мақсаты бойынша пайдаланылмаған 5 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.

Қазіргі уақытта пайдаланбаған немесе мақсатсыз пайдаланып жатқан жер телімдерін қайтару жұмыстары жалғасып жатыр.

Осыған байланысты прокуратура пайдаланылмай жатқан барлық жерлерді мемлекет меншігіне қайтарып, өз мақсатына пайдалана алатын азаматтарға беру керектігін еске салады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!