- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- БҚО-да 600 миллион...
БҚО-да 600 миллион теңге жымқырған мемкорпорация басшысының жаза мерзімі қысқарды
БҚО-да 600 миллион теңге жымқырғаны үшін сотталған мемлекеттік корпорация басшысының қамауда отыру мерзімі қысқартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" порталына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, 29 сәуірде Орал қалалық сотында шаруа қожалықтарына кредит беруге арналған қаражатты ұрлау және "Аграрлық кредиттік корпорация" (АКК) желісі бойынша кредиттерді заңсыз алу туралы қылмыстық іс бойынша үкім жарияланған.
Бөлімше басшысы Ерболат Оңғарбек Қылмыстық кодекстің 361-бабы және 189-бабы бойынша кінәлі деп танылды. Мекеменің экс-басшысы 9 жылға бас бостандығынан айырылып, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Одан бөлек, тағы үш адам әртүрлі мерзімге сотталған болатын.
Мұндай сот шешімімен келіспей, сотталғандар мен олардың адвокаттары үкімге шағымдануға шешім қабылдаған.
"Ерболат Оңғарбек, Айдын Хамзин, Бижан Нұрқатов және Анвархон Торахановқа қатысты үкімдер өзгертілсін. Хамзин мен Торахановтың іс-әрекеттерінде ҚР ҚК-нің 189-бабынан бастап Қылмыстық кодекстің 219-бабына өзгертілсін. Хамзин мен Торахановты ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату және олар дереу қамаудан босатылсын. Ерболат Оңғарбектің "Хула" ЖК, "Орал" ШҚ эпизодтары бойынша әрекеттері ҚР ҚК 189-бабынан бастап ҚР ҚК 361-бабына өзгертілсін. Мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойы айыра отырып, 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. Негізгі бөлімде үкімді өзгеріссіз қалдыру керек", - деді судья Азат Ізбасаров.
Ерболат Оңғарбектің өзі соттың мұндай шешімімен келіспейтінін және үкімге шағымданатынын мәлімдеді. Ол сондай-ақ мемлекеттік қызметкер емес екенін айтады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина