- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- БҚО-да 6 жасар...
БҚО-да 6 жасар бала металл қоршаудағы тар тесіктен шыға алмай қалған
Фото:
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Батыс Қазақстан облысында 6 жасар бала металл қоршаудың арасында қалып қойған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
8 тамызда сағат 17:19-да Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Юбилейное кентінде 2017 жылы туған бала металл қоршаудың арасында қалып қойғаны туралы хабар түскен.
Оқиға орнына барған Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары баланың металл қоршаудағы тар тесіктен шыға алмай жатқанын көрді.
Құтқарушылар алдымен баланы тыныштандырып, содан кейін оны арнайы құралдардың көмегімен шығарып алып, ата-анасына тапсырды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан