Батыс Қазақстан облысында 58 жастағы әйелді зорлап өлтірген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Lada.kz тілшісі.
БҚО полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 29 тамызда Бөкей ордасы ауданы Хан ордасы ауылында болды.
"Сағат 13.00-де өзінің мекенжайынан 1964 жылғы әйелдің денесі табылды. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігіне (абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) сәйкес соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сот санкциясымен күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды", - деді ведомство өкілдері.
Ауыл тұрғындарының сөзінше, марқұм балаларынан бөлек тұрған. Бірнеше адам бірге арақ ішкен.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!