Батыс Қазақстан облысының аумағында мемлекеттік орман қоры жерінің жалпы ауданы 222 159 гектарды құрайды.
БҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Дархан Закариннің берген мәліметі бойынша облыстың мемлекеттік орман қоры аумағында 2021 жылдан бастап 2027 жылға дейін 56,6 млн дана ағаш екпелерін отырғызу жоспарланған.
"Мемлекет басшысының 2023 жылғы кешенді жоспарына сай аудандардың бос жатқан жер қорынан мемлекеттік орман қорына 5383 га жер, соның ішінде 606 га және бұдан басқа 809 га орманмен көмкерілген алқапқа айналды. Бүгінгі күнде орман қоры аумағында орман дақылдарын отырғызу 734 га алқапқа және орман дақылдарын толықтыру 861 га алқапта, барлығы 3,303 млн дана әртүрлі ағаш-бұта тұқымды екпелер отырғызылды. Қалған 1284 га аумақтағы 4,261 млн дана орман дақылдарын отырғызу жұмыстары күз айында ағаш көшеттерінің вегетациясы тоқтағаннан кейін жалғасын табады", - деді Дархан Закарин.
Облыста жалпы ауданы 256,2 гектарды құрайтын 8 орман тұқымбағы бар. Оның ішінде 2 тұқымбақ Бөрлі және Орал қаласында орналасқан. Барлық питомниктер суарылады, ал 6 орман тұқымбағы тамшылатып суаруға ауыстырылған.
ҚР Президенті Әкімшілігінің барлық автожолдардың бойында ағаш отырғызу тапсырмасына байланысты 2500 га жерге 5,0 млн дана ағаш екпелерін егу жоспарланған. Қазіргі таңда халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы теміржол және автомобиль жолдары бойындағы екпелердің көлемі - 6152 гектарды, егіс-топырақ қорғаныш жолақтарының көлемі - 9577 гектарды құрады.
Биыл орман мекемелерін материалдық-техникалық жарақтандыру үшін облыс бюджетінен 931,2 млн теңге қаражат бөлінген.
Қазіргі таңда орман шаруашылығы мекемелерінде 7 өрт бақылау мұнарасы жұмыс жасаса, қосымша 16 өрт бақылау мұнарасын қажет етеді.
БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынған материал
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!