БҚО Қаратөбе ауданының прокуратурасы 3500 гектар жерді мемлекетке қайтарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану қаншалық заңды екенін талдау барысында ауданда жер телімін қолданбай келген шаруашылықтар анықталып, қабылданған шаралар нәтижесінде 3500 гектардан аса жер телімі мемлекетке қайтарылған.
Қайтарылған жерлердің жалпы кадастрлық құны 45 миллион теңгеден асады.
Қаратөбе ауданының прокуратурасы ауыл шаруашылық мақсаттағы тауар өндірушілерге жер телімдерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес мақсаты бойынша пайдалану қажет екенін түсіндірді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!