БҚО-да 44 жылқыны қолды қылған барымташылар ұсталды

БҚО-да 44 жылқыны қолды қылған барымташылар ұсталды
Фото: polisia.kz

Батыс Қазақстан облыстық криминалдық полиция қызметкерлері ауыл тұрғынына тиесілі бір үйір жылқыны ұрлаған барымташылар тобын ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Күдіктілер 2024 жылғы желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының ауданында жайылымда жүрген 44 жылқыны ұрлап, оларды көршілес ауданға, ұсталғандардың бірінің тұратын жеріне айдап әкеткен.

Барлық ұрланған мал тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Келтірілген залал - 17,6 миллион теңге.

"Ұсталғандардың екеуі бұрын мал ұрлығы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Топ құрамында облыс орталығы мен Батыс Қазақстан облысы аудандарының тұрғындары болған", - деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, сондай-ақ осы топтың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Күдіктілердің үшеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лес