БҚО-да 2716 шетелдік автокөлік заңдастырылды

БҚО-да 2716 шетелдік автокөлік заңдастырылды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Жүніс Кунчаев биылғы жылдың 10 айындағы кедендік әкімшіліктің жұмыс қорытындылары туралы айтып берді.

"Бүгінгі күні кедендік декларациялау "Астана-1" ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің кеден бекеттері 13 865 тауарларға арналған декларацияларды рәсімдеді. Зияткерлік меншік нысандарына құқық бұзылу белгілері бар 27 ТД бойынша шығару тоқтатылды. Кеден заңнамасына сәйкес тоқтатылған тауарлар туралы ақпарат кеден органымен құқық иеленушіге жолданады. Тәуекелдерді басқару жүйесімен тағайындаған 85 кедендік тексеру жүргізіліп, оның нәтижесі бойынша 57 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Анықталған құқықбұзушылықтардың қорытындысы бойынша өндіріп алынған айыппұлдар сомасы 1 384,5 мың теңгені құрады" - деді Жүніс Кунчаев.

Оның айтуынша, тәуекелдерді басқару жүйесі және басқада тапсырмалар бойынша барлығы 427 кедендік тексерулер жүргізілген. Нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 1 млрд 445 млн теңге кедендік салық өндірілді.

Сондай-ақ жыл басынан бері БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің тауарларға арналған декларациялар бойынша барлығы 2716 автокөлік құралы рәсімделді.

Бұл ретте барлығы 2 млрд 640 млн 296 мың теңге сомасында кедендік төлемдер мен салықтар төленді. Оның ішінде 59 млн 876 мың теңге сомасында кедендік алымдар, 1 млрд 368 млн 559 мың теңге кедендік әкелу баждары, 1 млрд 144 млн 27 мың теңге қосымша құн салығы, 67 млн 833 мың теңге акциздер төленді.

БҚО әкімдігі ұсынған материал

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина