• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

БҚО-да 21 ауыл ішімдіктен бас тартты

БҚО-да 21 ауыл ішімдіктен бас тартты
Фото: ІІМ баспасөз қызметі

БҚО-да 21 ауыл ішімдіктен бас тартты, олардың 15-інде бірде-бір қылмыс тіркелмеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Батыс Қазақстан облысында 21 ауылдық елді мекен спирттік ішімдіктерді тұтынудан және сатудан өз еркімен бас тартқан.

Ішімдіктен бас тартқан елді мекендер тізімінде мына ауылдар бар:

  • Ақжайық ауданы – Жамбыл (Жамбыл а/о), Қарағай (Алғабас а/о);
  • Жәнібек ауданы – Тегісшіл (Борсыл а/о), Жұмаев (Тау а/о);
  • Казталов ауданы – Саралжын (Бірік а/о), Сарықұдық (Талдыпан а/о);
  • Сырым ауданы – Жетікөл, Қосалар (Қосалар а/о), Абай (Сарой а/о);
  • Тасқала ауданы – Жігер (Тасқала а/о), Ақкүтір, Қараой, Қызылбас (Ақтау а/о), Алмалы, Қалмақшабын, Кішіқұсақ (Қазақстан а/о), Талдыбұлақ, Еменжар (Чижин а/о), Қалмақ (Мереке а/о);
  • Теректі ауданы – Ақсоғым (Ақсоғым а/о);
  • Шыңғырлау ауданы – Ақсуат (Қарағаш а/о).

"Бұл деректер салауатты өмір салты мен қоғамдық тәртіптің тығыз байланысын айқын көрсетіп отыр. Масаң күйде жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 43 азамат мәжбүрлі түрде емдеу мекемелеріне жіберілді. ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 440-бабы бойынша (Қоғамдық орындарда ішімдік ішу немесе мас күйде болу) 2049 хаттама толтырылды. Сондай-ақ, алкоголь өнімін тыйым салынған уақытта немесе 21 жасқа толмағандарға сатқан 66 дүкен иесі әкімшілік жауапқа тартылды", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысында бірнеше ауыл ішімдіктен бас тартқаны хабарланды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget