- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- БҚО-да 208 миллионға...
БҚО-да 208 миллионға салынған жол бір айдан кейін бұзыла бастаған
Батыс Қазақстан облысындағы Казталов ауданында қолдануға берілген жол бұзыла бастаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап.
Казталов ауданы мен Әжібай ауылдарын байланыстырып тұрған тасжол 2022 жылдың күзінде салынған. Облыстық бюджеттен 208 миллион теңге бөлінген. Тасжол қолдануға тапсырылғаннан кейін бір айдан соң бұзылып, шұңқырлар пайда бола бастаған. Мамандардың сөзінше, бұл сапасыз асфальт салынғандықтан болған. Басылым мәліметінше, енді көктемде мердігер компания тасжолды қайтадан жасауы қажет.
Ал Казталов ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Артур Берденовтің сөзінше, тасжол құрылысы аяқталғаннан кейін қабылдап алған соң бәрі дұрыс болған.
"Бірақ бірнеше айдан кейін, шыны керек, жол бұзыла бастады. Мен салынған жолда ақау бар екенін ескертіп, акт жасадым және оны 4 қаңтарда мердігерге жібердім. Енді мердігер жолды қайтадан жасауы керек", - дейді Артур Берденов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина