- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- БҚО-да 20 тонна...
БҚО-да 20 тонна киім тиелген жүк көлігінің тіркемесі жанып кетті
Батыс Қазақстан облысында 20 тонна киім тиелген жүк көлігінің тіркемесі жанып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 28 тамыз күні Теректі ауданы аумағында болды.
"Сағат 17.03-те 101 телефонына Самара-Шымкент тас жолының 311-шақырымында жартылай тіркеменің жанып жатқаны жөнінде хабар түскен. Өртсөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде DAF маркалы жүк көлігінің жартылай тіркемесі және 3 га аумақта құрғақ шөптің отқа оранғаны анықталды. 25 жастағы қырғызстандық жүргізуші Қырғыстаннан Мәскеуге бара жатқан. Тіркемеде 20 тонна киім-кешек болған. Тілсіз жау өртсөндірушілердің күшімен (14 адам, 3 техника) сағат 20.45-те оқшауланып, 21.52-де ауыздықталды. Қазір оқиғаның себеп-салдары, келтірілген шығын анықталу үстінде. Зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады ведомстводан.
БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, өңірде жыл басынан бері 88 автокөлік өртеніп кетті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина