- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- БҚО-да 15 жастағы...
БҚО-да 15 жастағы жасөспірім оқ жарақатын алды
Батыс Қазақстан облысында 15 жастағы жасөспірім оқ жарақатын алып, облыстық ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД" сайты.
Оқиға 4 қазанда Бөкейорда ауданы Ханордасы ауылында болған.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің сөзінше, оқ жасөспірімнің қарын тұсына тиген.
"Қазіргі таңда оның денсаулық жағдайы ауыр, бірақ қалыпты. Санавиациямен облыс орталығына жеткізілді, қасында балалар реаниматологы бар. Қазіргі таңда облыстық көпсалалы ауруханада жатыр. Жағдайы тұрақты, дұрысталып келеді", - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.
Басылым мәліметінше, БҚО Полиция департаменті бұл істі кейінірек түсіндіруге уәде берген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова