- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- БҚО-да 13 жастағы...
БҚО-да 13 жастағы жасөспірімдер бастауыш сынып оқушыларын темекі шегуге мәжбүрлеген
Бәйтерек ауданы Мичурино ауылының тұрғыны Немолчи.kz қорына жантүршігрелік жағдай туралы баяндап берген. Әйел 13 жастағы жеткіншектердің 9 жастағы ұлы мен оның досын қараусыз қалған құрылыс алаңына шақырып, темекі шегуге мәжбүрлегенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
"Олардың (жасөспірімдер - еск.) балаларды қанша уақыт ұсталғаны белгісіз. Иығынан, ішінен ұрған. Тізерлеп отыруға және аяғының ортасына қыстырылған темекіні шегуге мәжбүрлеген. Бәрін видеоға түсірген. Ұлымның досы темекі шегуге келіскен. Балам "Мен тартпаймын, темекі тартпаймын, өзімді жаман сезініп тұрмын, бізді жіберіңізші" деген. Олар "егер айтқанды істемесең, басқаша жасаймыз" деп, оны ұстап тұрып, мұрнына, бетіне темекі түтінін жіберген. Ұлым темекі түтінінен құлап қалған. Мұны ұлымның досы растады", - деп шағымданды әйел.
Түнде баланың жағдайы нашарлай бастаған. Ол құсып, айқайлап көмек сұраған. Оның айтуынша, екінші бала да ауыра бастаған.
Қор директоры Дина Таңсари баланың ата-анасы Мичурино полициясына арыз жазғанын атап өтті.
БҚО ІІД баспасөз қызметі өкілдері 23 қыркүйекте Мичурин полиция бөліміне шілдеде болған оқиғаға қатысты шара қолдануды өтінген екі ауыл тұрғыны жүгінгенін хабарлады.
"Сол күні полиция қызметкерлері оқиғаға қатысқандарды анықтады. Олардан заңды өкілдердің көзінше жауап алынды. Қазір барлық жиналған материал Бәйтерек аудандық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның қарауына жіберілді", - деп хабарлады полицейлер.
Тағы да оқи отырыңыздар: Теріскен неге шығады?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек