- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- БҚО әкімі су...
БҚО әкімі су тасқынының кесірінен қызметінен кететіні рас па?
Фото:
parlam.kz
Батыс Қазақтан облысының әкімі Нариман Төреғалиев су тасқыны кесірінен қызметінен кетуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, отставкаға кету туралы сөз қозғалмаған.
"Бүгін күнде су тасқыны жағдайы бойынша өңірде бәрі дұрыс. 775 үй берілді. Мен су тасқынына жол берген жоқпын, бұл - табиғат. Салынған үйлердің сапасы төмен емес, келіп қарауларыңызға болады. Отставкаға кетемін деп күтпеймін. Су тасқыны - табиғи жағдай", - деп жауап берді ол.
Еске салайық, премьер-министр Олжас Бектеновтің айтуынша, 30 770 отбасыға 100 АЕК көлемінде бірреттік төлем беру үшін 11 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінгенін мәлімдеген еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек