Бүгін республика аумағында жалпыұлттық референдум өтіп жатыр. Бір ғана БҚО-ның өзінде 500-ге жуық учаскелік комиссия жұмыс істеп жатыр.
Айта кетейік, бұл тәуелсіз Қазақстан тарихындағы төртінші референдум.
Соңғы жылдары елдегі электр энергиясын тұтынуға деген сұраныстың артуы себепті халықты үздіксіз энергия көзімен қамту мәселесі қаралып жатыр.
Сол үшін халық «елге атом электр станциясы қажет пе, жоқ па?» деген сұраққа жауап береді. Бүгінгі референдумға БҚО-ның облыс әкімі Нариман Төреғалиев те қатысып, дауыс берді.
Журналистерге қысқаша ғана сұхбат берген аймақ басшысы БҚО-ның өзінде электр энергиясының тапшылығы сезілетінін айтты.
БҚО әкімдігі ұсынған материал
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз