Бірыңғай жинақтаушы Зейнетақы Қоры халықпен қызметін оңтайландыру мақсатында жаңа замануи қызметтерін жолға қоюда. Бұл қызметтері салымшыларды көп уақыт шығындаудан құтқарады.
БЖЗҚ осы жылдың маусым айында бірқатар жаңа сервистерін іске қосқан болатын. Атап айтар болсақ, қор кеңсесіне келмей-ақ, сайттағы жеке кабинет арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша зейнетақы шотын ашу және зейнетақы төлемдерін тағайындау бойынша өтініш беру және сол өтініштің орындалу барысын қадағалау мүмкіндігі. Бүгінде бұл сервистерді салымшылар біртіндеп үйреніп, осы жүйе арқылы халық өтініш бере бастаған.
2017 жылғы 31 шілдедегі жағдай бойынша Қор сайтындағы жаңа сервистерді 33 салымшы (алушы) ойдағыдай пайдаланған. Олардың ішінде 27 адам міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініш берген болса, 5 адам зейнеткерлік жасқа толуларына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде өтініш берген. Ал 1 адам мүгедектігінің мерзімсіз болып белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш берген.
Жыл соңына дейін БЖЗҚ онлайн қызметтерді электрондық үкімет порталы арқылы іске қосуды жоспарлап отыр.
2017 жылдың үшінші тоқсанында Қор тағы бір электрондық қызметті – салымшының қосымша деректемелеріне өзгерістер/толықтыруларды электрондық тұрғыда енгізуді жоспарлап жатыр. Бұл деректемелерге жеке басты куәландыратын құжаттың деректері (түрі, нөмірі, күні және осы құжатты берген орган), пошталық және (немесе) электрондық мекенжай, сонымен қатар үй, жұмыс және ұялы телефон нөмірлері жатады.
БЖЗҚ жаңа сервистері арқылы онлайн режимде салымшыларына ақпарат беріп қана қоймай, жеке зейнетақы шотын ашқаннан бастап зейнетақы төлемдерін алғанға дейін қызмет көрсететін болады.