БЖЗҚ-дан заңсыз ақша алу ісі: ҚМА үш адамды іздеп жатыр

БЖЗҚ-дан заңсыз ақша алу ісі: ҚМА үш адамды іздеп жатыр
Фото: Видео кадры

Қаржылық мониторинг агенттігі жалған стоматологиялық клиникалардың иелерін іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Агенттік мәліметінше, мына адамдар іздестіріліп жатыр:

  • Дүйсенов Аслан Қамбарұлы, 01.04.1992 ж.т.
  • Иманбаев Габбас, 18.05.1998 ж.т.
  • Елешев Есімхан Баяндиевич, 11.09.1987 ж.т.

"Олар 46 млрд теңгеден аса қаражатты БЖЗҚ-дан заңсыз шығару мақсатында қылмыстық схемалар ұйымдастырды деген күдікке ілінген. Бұл мақсатта олар тіс емдеу қызметі көрсетілгендей жалған медициналық құжаттар рәсімдеген. Олар Маңғыстау және Атырау облыстарындағы 7 стоматологиялық клиниканы пайдаланған. Бұл мекемелер іс жүзінде ешқандай медициналық қызмет көрсетпеген", - деп жазылған хабарламада.

Оларға қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылған.

"Айыпталушылардың бірі, яғни Дүйсенов А.Қ. бұрын полиция қызметкері болған, алайда теріс себептер бойынша жұмыстан шығарылған. 2016 жылы ол Қылмыстық кодекстің 105-бабы ("Өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу") және 362-бабы ("Қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану") бойынша ауыр қылмыс жасағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылған", - деді ҚМА өкілі.

ҚМА 

Қаржылық мониторинг агенттігі қандай да бір ақпарат білетіндерден мына нөмір бойынша хабарлауды сұрады: +7 (7172) 70 84 78 - кезекші бөлім.

Бұған дейінгі жағдай

Еске салайық, бұған дейін "Отбасы банк" тіс емдеуге өтініш беру кезінде БЗЖҚ қаражатын мақсатсыз пайдалану және құжаттарды қолдан жасау деректері анықталғанын мәлімдеді. 

Кейінірек Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан қаражатты заңсыз алуға жәрдем көрсеткен 5 қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget