БЖБ, ТЖБ-ға қатысты өзгеріс: оқу-ағарту министрі Сүлейменова маңызды жаңалықты айтты

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова алдағы уақытта мектептерге қатысты маңызды өзгеріс болатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Министр оқушылардың уақытын алатын БЖБ, яғни бөлім бойынша жиынтық бағалау мен ТЖБ деп аталатын тоқсан жиынтығын бағалаудың сағатын азайтуды қарастыратынын жеткізді. Себебі кейбір мектептер жүктеме көптігінен сенбіде де оқушыларды жинап алып, осы тапсырманы орындатады екен.

Ведомство басшысы жекеменшік мектептер бойынша тексеріс әлі де жалғасып жатқанын айтты. Министрдің сөзінше, алдағы оқу жылында нақты үш шартқа сай келген оқу ордалары ғана қалады.

"Бірінші - білім сапасы. Екінші - мұғалімнің біліктілігі. Үшінші - бала қауіпсіздігі. Осы үш талапқа сәйкес болса, лицензиясы қалады", - деді министр.

Еске салайық, бұған дейін де елімізде жеке мектептерге қойылатын талаптар өзгеретіні хабарланды. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!