Бизнестегі серіктесін өлтірді деген күдікке ілінген қазақстандық Ресейден ұсталды

Павлодар облысы прокуратурасының үйлестіруімен Ресейдің Красноярск өлкесінің Шарыпово қаласында Қазақстан азаматы ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол бизнестегі серіктесін өлтіргені үшін күдікті деп танылған.

Прокуратура күдіктіні Қазақстан Республикасына экстрадициялау үшін жұмыс істеп жатыр.

Қылмыстың мән-жайы

Айта кетейік, бұл оқиға биыл ақпанда болды. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру кезінде Павлодар қаласындағы үйлердің бірінің ауласынан кәсіпкердің мәйітін тапты.

Кісі өлтіру дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша алдын ала тергеу басталды.

Бұл қылмыс үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз