- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Биылғы үздік open...
"Биылғы үздік open air!" Ethnotronica Almaty фестивалі қалай өтті?
10 қыркүйекте Алматыда биылғы күздің басты оқиғасы – Ethnotronica Almaty фестивалі өтті. Көрермендер музыка мен технология қуатын біріктірген үш сағаттық эксклюзив dance-шоуын тамашалады. Жобаның бас серіктесі - Magnum Cash & Carry. Фестиваль Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Қала күні аясында өтті.
Фестиваль қаланың басты open-air-сахнасында – Республика сарайы алдындағы Абай алаңында өтті.
Фестивальді Stepe Sons (Қазақстан) модерн-этно-джаз тобы ашты, оның композицияларында тек жанды және күшті дауыстар мен қазақ халық аспаптары бар.
Олармен бірге DJ Edige - Boiler Room-да Алматының заманауи техно-сахнасын таныстыратын ZVUK Collective резиденті өнер көрсетті.
Одан кейін Өзбекстаннан келген ABBOS тобы музыканттарға қосылып, көрермендерге өзбек ұлттық әуендерін тыңдап, рақаттануға мүмкіндік берді.
Өзбекстаннан келген TUMOR би тобы қонақтардың дәстүрлі аспаптардың сиқырлы дыбыстары әлеміне енуіне көмектесті.
Әртүрлі ұлттық мәдениет, музыкалық және тарихи дәуірлер, өнер түрлері және музыкант ұрпақтарының ынтымақтастығы бәріне керемет қуат пен шығармашылық еркіндік сыйлады.
Сондай-ақ, Таулы Шориядан шыққан ерекше орындаушы Чылтыс (Chyltys) көрермендерге ұмытылмас эмоция сыйлады. Әртістің вокалын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Әншімен коллаборацияда қазақстандық DJ Kokonja өнер көрсетті. Ол үшін музыка - қазақ мәдениетінің маңыздылығын қайтара алатын күш.
Art ballet (Украина/Қазақстан) би ұжымы фестиваль атмосферасына жаңа бояу әкелуге көмектесті, оған қатысушылар Ethnotronica Almaty-ға қатысу үшін арнайы жиналған.
Академиялық музыка және эстрада индустриясында көпжылдық тәжірибесі бар қобызшы Layla-Qobyz-дың өнер көрсетуі де ұмытылмас әсер қалдырды. Ол ұлттық аспапта ойнай отырып, дыбыстық түрлілікті дамытып, халық әндерін және әлем хиттерін орындауға шешім қабылдады.
"Бұл - биылдың үздік open air-і!"- деді фестивальге келген көрермендер.
Шоу Грузиядан келгендердің көптен күткен қойылымымен жалғасты. Ethnotronica Almaty көрермендеріне елінің өзіндік ерекшелігін, еркіндігін және энергиясын Simi және Gzeba Georgian Dance триосы таныстырды.
Олармен қазақстандық DJ Ruus-пен жұптасты. "Толған драйв, көрермен осындай энергия қайтарады. Бұл керемет болды! - деді ол өнер көрсеткеннен кейін.
Шоуды Nuketai және Айжан Бектұрған жалғастырды. Nuketai (Нұрболсын Төлеухан) - Дүниежүзілік джаз қауымдастығының мүшесі (АҚШ, Жаңа Орлеан), Халықаралық "Шабыт" байқауының Гран-при иегері, Үнді симфониялық оркестрінің мүшесі. Ол Satzhan Project шығармашылық ұжымында өнер көрсетеді, сондай-ақ, Nuketai Brass Band үрмелі оркестрін ұйымдастырған.
Кейін Еthnotronica Almaty сахнасына танымал тувалық музыканттардың бірі, әйгілі тувалық көмеймен ән айтудың алуан түрін меңгерген, шығармашылығына тамсанатын, аты аңызға айналған Радик Тюлюш шықты.
Онымен almalogic жобасы (Нариман Исенов және Мирхат Катауов) жұптасты. Бұған дейін Радик Тюлюш пен Нариман Исенов бірлескен. Енді олар Ethnotronica Almaty үшін арнайы жаңа эксклюзив бағдарлама дайындады, оны бірінші болып қазақстандық көрермендер тыңдай алды.
Өнер көрсеткендерге Kerekes Band тобының майдангері Жомарт Фехер (Zsombor Feher) қосылды. Kerekes Band музыкасы - Венгрия бояуы бар, электрон түрде өңделген этно-фанк, джаз және рок стилінде орындалатын әуен.
Барлық бағдарлама фестиваль үшін арнайы жасалған және ХХІ ғасырға сай қамтылған.
Фестивальге қатысқанның барлығы қазақтың көрнекті әншісі Күләш Байсейітованың "Гәкку" әнін орындады.
Ұйымдастырушылар Ethnotronica Almaty күздің шарасы мен тәжірибе алаңына айналады деп үміттенеді.
Концерттігі суреттерді OnParty.Me сайты ұсынды. Фотограф: Глеб Терлецкий.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек