Қазақстанда негізгі ҰБТ аяқталды. Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев ҰБТ қорытындысы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қуаныш Ерғлиевтің мәліметінше, 18 мамыр мен 5 шілде аралығында барлығы 304 мың түлек тестілеуге өтініштерін білдірді. Солардың 76 пайызы қазақша тест тапсырды. 79 пайыз шекті балл алды. Былтырғы жылмен салыстырғанда шамамен 10 пайызға өсті. Сонымен қатар, биыл ҰБТ орташа балы - 70, бұл былтырғы көрсеткіштен 3 балл жоғары.
Биыл жоғары оқу орнына түсетін абитуриенттерге көп жағдай жасалды. Президенттің тапсырмасына сәйкес, биыл гранттардың саны 5 мыңға өсті. Ал стипендияның мөлшері 20 пайызға өсетін болады.
Биыл грант конкурсына құжаттар 13-20 шілде аралығында электрондық форматта қабылданады. Нәтижелерін 10 тамызда жариялау жоспарланған.
Ал университеттер 25 тамызға дейін жастарымызды студенттер қатарына қабылдайды.
"Қорытындылай келе, талапкерлерге айтарымыз, оқу орнын тандағанда жатақхананың болуын тексеріп алу қажет. Алматы мен Астанадағы жатақханаларда орын жетіспеушілігі мәселесі бар. Сондықтан өңірлік университеттерге түсуге кеңес береміз. Ал сапа жағынан ешқандай кем емес", - дейді Ерғалиев.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!