- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Биылдыққа 5 рет...
"Биылдыққа 5 рет ауруханада жаттым". Танымал актер Сәбит Әбдіхалықов дертке шалдыққанын айтты
Фото:
instagram.com/sabit_abdykalykov
Танымал актер Сәбит Әбдіхалықов дертке шалдыққанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
"Биылдыққа 5-рет жүрекпен ауруханаға жаттым. Жүрегіме стэнд қоюға мүмкіндік жоқ. Бір тамырдың бойы аншлаг, келесі бір вариант "соямыз" деп, кардиохирургтер пышақтарын жалаңдатып ниет білдірді", - деді ол.
Өнер иесінің айтуынша, дәрігерлер оның жүрегіндегі ақауды зерттеп, коронография жасап, тамырды үрлеу әдісімен емдеген.
"Қазір Аллаға шүкір жақсымын. Еліміздегі бұл клиникада нағыз сапалы емдік әдістерімен қоса,заманауй аппараттарымен емдейді", - деді өнер иесі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек