- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Биылдан бастап елге...
Биылдан бастап елге келген шетелдіктер жарна төлемейді
Фото:
Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Туризм және спорт министрлігі 2022 жылы енгізілген туристік жарна алынып тасталатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
7 қаңтардан бастап шетелдік туристер жарна төлеуден босатылады.
"ҚР Туризм және спорт министрінің 2023 жылдың 27 желтоқсанындағы № 347 бұйрығымен шетелдіктердің туристік жарна төлеу ережесіне өзгертулер енгізілді. Оған сәйкес, Қазақстанның бүкіл аумағында нөлдік ставка қолданылады. Аталған бұйрық өткен жылдың 28 желтоқсанында Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтті және ол ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі", - делінген жазбада.
Жасұлан Ордабаев
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Massaget.kz