- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Биыл Ұлытау облысында...
Биыл Ұлытау облысында 12 нәресте шетінеп кеткен
Ұлытау облысында жыл басынан бері жаңа туған 12 нәресте шетінеген. Бала өлімінің көбеюіне созылмалы аурудың асқынып, дәрігер көмегіне кеш жүгінуі себеп дейді мамандар. Жаңа құрылған облыста "Ана мен бала" денсаулығына қарайтын мамандар тапшы, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Атап айтсақ, неантолог, акушер-гинеколог, реаниматолог, нефролог пен кардиологтар жоқтың қасы. Шала туған нәрестені бағып-қағатын мамандар мен қатар жаңа заманға сай құрылғылар да жетіспейді.
Жансақтау бөлімдерінде әлсіз туған баланың бетін бері қарату да қиын. Өйткені арнайы медициналық құрылғылар тапшы. Өңірде клиникалық балалар ауруханасын салу мәселесі де күн тәртібінде тұр. Дегенмен Ұлытау облысының Денсаулық сақтау басқармасы жағдай жыл өткен сайын жақсарып келеді дейді.
Былтыр бұл уақытта 19 бала өлген. Дегенмен 200 мыңнан аса ғана тұрғыны бар облысқа бұл аз емес. Ал перзентханада аман-есен босанғанымен, баласыз шыққан аналардан полицияға арыздар түсіп жатыр. Бәрі де дәрігерлердің салғырттығына наразы. Әзірге үш қылмыстық іс қозғалып, тексеріс басталды.
"Елу пайызы ол өкпе қабынуы, пневмониядан қайтыс болған. Отыз үш пайызы перинаталдық кезеңдегі нәрестелер және он жеті пайызы жүректің тума ақауынан пайда болған өлім деп есептеліп отыр. Науқастардың өліміне әртүрлі фактор әсер етеді. Біріншіден, науқастардың ауырлығына байланысты, екіншіден, дәрігерлердің жіберген қателігіне де байланысты", - дейді Ұлытау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Бейсембаев.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина