Үкімет көктемгі егіс маусымына дайындыққа және шегірткемен күреске бөлінген қаржы көлемін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сенат кулуарындағы брифингте Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
"Былтырғы проблемаларды есепке алдық, 7 млрд теңге қаражат дайын. Былтыр зиянкестің таралу аумағы 3 млн гектар болса, биыл 2 млн гектарға дейін азайды. Қосымша қаражат қарап жатырмыз. Былтырғыдай жағдай болмайды, химиялық реагенттер сатып алынды, техника дайын", - деді Жұманғарин.
Сонымен қатар билік көктемгі далалық жұмыстарға қаржыландыру көлемі артқан. Өткен жылы осы мақсатқа 350 млрд теңге бөлінген болса, 2025 жылы бөлінген қаржы - 700 млрд теңге. Көктемге дейін өткен жылғы 195 млрд теңге көлеміндегі қарыздарды жабу мүмкіндігі бар деген болжам бар. Айта кетейік, 2024 жылы шегірткемен күресу үшін қазынадан 8 млрд теңге бөлінген.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!