Биыл төрт айда 14 бала терезеден құлап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Асымжан Оспанова айтты.
"Бүгінде біздің балаларымыз тыныш, бейтіт елде шаттыққа толы өмір сүруде. Балаларымыз − еліміздің болашағы, өміріміздің жалғасы, біздің ең қымбат адамдарымыз болғандықтан, оларды әр түрлі оқыс оқиғалардан қорғау үлкен жауапкершілікті қажет етеді.
Өкінішке қарай, жыл сайын биік үйлердің терезелерінен құлап түскен балалар саны өсуде. Мәселен, қайғылы оқиғалар 2023 жылы – 59, ал 2024 жылдың 4 айында −14 жағдай орын алған. Бұл қорқынышты сандар құр статистика емес. Әрбір оқиғаның артында үңілетін болсақ алдын алуға болатын шынайы трагедия жатыр", - дейді комитет басшысы.
Насымжан Оспанова терезелерге арнайы бұғаттағыштарды орнатуды сұрады.
"Қарапайым ережелерді орындау баланың терезеден түсуінің алдын алуға, оның денсаулығы мен өмірін сақтауға көмектеседі. Үйіңіздің терезелері сенімді жабылғанына және қол жетімді еместігіне көз жеткізіңіз. Сондай-ақ, балаларыңызды ешқашан қараусыз қалдырмаңыз. Бір сәт немқұрайлылық үлкен қасіретке айналуы мүмкін. Балаларымыздың қуанышты күлкісі мен алаңсыз балалық шағы үшін аса мұқият және қырағы болуымыз керек.
Ата-аналар, балаларыңызға қамқор болыңыздар! Әр бала бақытты және қауіпсіз балалық шаққа лайық екенін есте ұстаған жөн", - дейді Насымжан Оспанова.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!