Тамызда ауа райына байланысты рекорд тіркелген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Синоптиктердің мәліметінше, тамыз айының бірінші онкүндігінде еліміздің басым бөлігінде ыстық ауа райы сақталды, кей күндері термометр бағандары +32+42°С-қа дейін жетті, ал еліміздің солтүстік жартысында онкүндіктің соңында ауа температурасының төмендеуі байқалған.
Кей станцияларда ауа температурасы бойынша ғана емес жауын-шашын мөлшері бойынша да рекордтар болған. 9 тамызда Балқаш метеорологиялық станциясында (Қарағанды облысы) ауа температурасы 2002 жылғы рекордты (+36,6°С) жаңартып, +37,6°С болған.
8 тамызда Тобол метеорологиялық станциясында (Қостанай облысы) 89 мм жауын-шашын түскен, бір айлық норма 35 мм, Егіндікөл метеорологиялық станциясында (Акмола облысы) 50 мм, бір айлық норма 29 мм, Успенка метеорологиялық станциясында (Павлодар облысы) 46 мм, бір айлық норма 32 мм болған.
Онкүндік бойы желдің күшеюі 15-25 м/с-қа дейін жетіп, найзағай, бұршақ, тұман, ал елдің оңтүстігінде шаңды дауыл байқалды.
Тамыздың екінші жартысында Қазақстанның басым бөлігінде ауаның негізгі фондық температурасы +17+25°С болды, ал оңтүстік жартысында кей күндері температура +25+30°С дейін төмендеді.
Астанада орташа айлық ауа температурасы +18,5°С болды, норма 19,1°С. 1 тамызда ең жоғарғы ауа температурасы тіркеліп, +36,3°С-қа жетсе, ең төменгі ауа температурасы 28 тамызда +9,2°С көрсетті.
Ерекше атап өтетін жайт - жауын-шашынның аномальды мөлшерінің 113 мм-ге жетуі, бұл көрсеткіш орташа айлық нормадан 364 пайыз көп, (норма 31 мм). 8-9 тамыз күндері қатты бұршақ жаууы байқалды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!