Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха биыл өтетін кезектен тыс аттестация барысында талапқа сай келмейтін полиция қызметкерлері жұмыстан шығарылатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жеке құрам арасында тәртіпті күшейту шаралары үнемі қолданылып келеді. Соның бірі – аттестация. Жеке құраммен жұмыс істеуге бірінші кезекте жауапты орта буын басшыларын тексеріп, аттестациядан өткізіп, талапқа сай келмейтіндерін жұмыстан шығарамыз. Полицейлер заңсыз әрекеттерге барса, онда өзіндік қауіпсіздік қызметі мен кадрлық бөлімше қызметкерлері осы адамдарды ертерек анықтамағын үшін жауап береді", - деді Игорь Лепеха.
Ол кезектен тыс аттестация барысында жұмысына салғырт қараған полиция қызметкерлері жұмыстан шығарылуы мүмкін екенін жеткізді.
"Біз қызметіне сай келмейтіндерді жұмыстан шығарамыз. Олардың орнына халықтың арасынан басқасын аламыз. Мұнда (полицияны) қысқарту туралы сөз болып отырған жоқ", - деді министрдің орынбасары.
Аяз Есен
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!