2026 жылы 6 жаңа ақылы жол іске қосылады. Бұл туралы Үкімет отырысында "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Дархан Иманашев баяндады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, елімізде жалпы ұзындығы 4 900 шақырым болатын 26 ақылы жол жұмыс істеп тұр. Биыл ұзындығы 2 мың шақырым болатын 6 жаңа учаскені іске қосу жоспарланып отыр. Олар:
Сонымен қатар, жиында ақауы бар ақылы учаскелер бойынша жол жүру ақысын алуды тоқтата тұру бойынша норма енгізілгені айтылды.
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының мәліметінше, былтыр ақылы жолдардан 87 миллиард теңге жиналған, бұл қаражат ақылы учаскелерді күтіп ұстауға бағытталған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!