- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Биыл тағы да...
Биыл тағы да әскери шеру өткізілмейтін болды
Фото:
Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Биыл Қазақстанда Жеңіс күні қарсаңында әскери шеру өткізілмейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, мұндай шешімнің себебі бюджет қаражатын үнемдеуге деген ұмтылыс.
"Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығының талап етілетін деңгейін қолдау басым болып табылады", - делінген хабарламада.
Қазақстанда шеру былтыр да өткізілген жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Қорғаныс министрлігі бір шерудің бюджетке орташа есеппен 4 миллиард теңгеден астам шығын әкелетінін хабарлаған болатын.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә