- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Биыл студенттердің шәкіртақысы...
Биыл студенттердің шәкіртақысы өседі
2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қазақстандық жоғары оқу орындары студенттерінің стипендиясы 20 пайыз, магистрант пен докторанттардың стипендиясы 15 пайыз өседі. Бұл жайлы ҚР Білім және ғылым министрлігі хабарлады.
Ведомстваның мәліметінше, қазір бакалавр студенттері 31 423 теңге, магистранттар 76 950 теңге, докторанттар 172 500 теңге шәкіртақы алады. Ал 2022 жылы қыркүйек айында шәкіртақы айтарлықтай өспек.
Атап айтқанда, студенттердің стипендиясы тағы да 20 пайыз өсіп, 36-37 мың теңгеге жетуі мүмкін.
Мәселен, педагогика мамандарын даярлау бағыты бойынша оқитын студенттер 58 мың теңгеден астам, басқа бағыттар бойынша білім алатындар 37 мың теңгеге жуық шәкіртақы алмақ. Магистранттардың шәкіртақысы 86 987 теңгеге дейін, докторанттардың шәкіртақысы 195 000 теңгеге дейін көтеріледі.
Қ. Слямбек