Биыл Шымкентте 31 адам полиция бөлімінде заңсыз ұсталған

Жыл басынан бері Шымкент қаласының полиция басқармаларының ғимараттарынан 31 тұлға босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында прокурорлар қылмыстық қудалау органдарының ғимаратындағы қызметтік бөлмелерде адамдарды жеткізудің үш сағаттық мерзімін сақтау туралы Қылмыстық-процесстік кодекстің талаптарының орындалуын тексереді.

Жалпы прокурорлар ағымдағы жылдың 10 айында полиция ғимараттарында заңсыз ұсталған 31 адамды (оның ішінде Қаратау ауданында – 9, Тұран ауданында – 8, Әл-Фараби ауданында – 7, Абай ауданында – 5, Еңбекші ауданында – 2) босатқан.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша 27 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды.

Біз Қылмыстық-процестік заңнамасының мүлтіксіз орындалуына ұмтылуымыз керек, азаматтардың құқық қорғау органдарының ғимараттарында бір минуттан аса негізсіз болуына жол берілмеуі керек және олардың құқықтарын бұзғандар үшін салдары болады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!