- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Биыл сәбилі болған...
Биыл сәбилі болған қазақстандық жұлдыздар
2023 жылы шоу бизнес өкілдері үшін берекелі жыл болды. Өз тыңдармандарын қуантып бойдақтар осы жылы шаңырақ көтеріп, сәбилі болды. Massaget.kz тілшісі сіздер үшін жыл басынан бері отау құрып, нәрестелі болған жұлдыздардың тізімін жасап шықты.
© instagram.com/islamkhan_9
Танымал футболшы, Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бауыржан Исламхан биыл үшінші рет сәбилі болды. Жақсы жаңалығымен спортшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
"Альхамдуллилах 3-рет әке атандым. Сүйіктім, рақмет", - деп жазды ол.
© instagram.com/aissaulebakytbek
Танымал продюсер Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек осы жылдың шілде айында екінші рет ана атанған еді. Бұл туралы ол Instagram-парақшасында бөлісті. Тіпті екінші қызына Сәтті есімін бергенін жеткізді.
"Байлығым, ешкімді жоқ ерекше есім бердік", - деп жақсы жаңалығымен instagram парақшасында бөлісті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
© instagram.com/janellemakajan
Актриса Жәнел Мақажан да үшінші сәбиін дүниеге әкелді. Сүйінші жаңалықты өнерпаздың жолдасы актер Абай Асылхан жеткізді.
"Дұға етіп қойыңыздар. Жанельдің де, баланың да жағдайы жақсы" деп жазды ол.
© фотоскрин
Желіде танылған жұп Мәрлен мен Әнел ұзақ уақыттан кейін балалы болды. Айта кетейік, Әнел бір өкпесінен айырылған, ал екінші өкпесі 30 пайызға ғана жұмыс істейді. Ол ұзақ уақытқа дейін арнайы құрылғы көмегімен тыныс алып келген.
"Қош келдің, ұзақ күткен ботам. Осы сәтті көрсеткен Аллаға сансыз шүкір. Сенің иісің бөлек қой ботақаным. ... Мен негізі босандым, аман-есен перзентханадан шыққан болатынбыз, қазір қайта перзентханаға оралдық, Аллаһтың қалауы солай болып тұр. Сәби сүйгісі келіп жүрген отбасыларға жұғысты болсын", - деп жазған ол Желіде.
Естеріңізге саламыз, Марлен мен Әнел әнші Ернар Айдардың "Күнім сен сөнбеші" әнінің клипіне түсіп, ел арасында танылған еді.
© instagram.com/raimusican
Танымал әнші Raim мен Ерке Есмаханда биыл ұлды болды. Бұл туралы Raim-ның өзі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Жұлдызды жұп ұлдарына Ислам деген есім берген.
"Аль-Хамду ли-Ллях! Қош келдің, ұлым!", - деп жазды әнші.
© instagram.com/farizatoreali
Әнші, хитмен Төреғали Төреәлінің қарындасы блогер Фариза Төреәліде оқырмандарына құпиясын бөлісті. Бұл жаңалықты жұртшылыққа шығармауына да өзіндік себеп болған.
"2-3 күннен соң қаладағы бас дәрігерлер консилиум жасап, маған перзентханадан шығуға рұқсат берді. Шықпай қалған күні үйде дастархан, түрлі безендіру, 1001 раушан осылай дайын тұрған ғой. Іште түрлі эмоция... Диагнозға күдік бар болғасын, ештеңені нақты білмеген соң да қуаныш пен уайымның көз жасы аралас болды... Жақындарымның көңіл-күйі түсініксіз. Оларға қарап, мәселе қиын екенін байқадым. Себебі дәрігерлермен тек Дархан және жақындарым сөйлесіп, маған ештеңе айтпай жүрді. Қонақтар кетті, өзіміз қалдық. Бөлмеде Дархан үнсіз отыр... Екі көзі телефонда. Қонақтармен де жөнді отыра алмады, тек телефонда отырды. Дархан бір кезде "шетелге кетеміз, тексерілетін жерлерді тауып қойдым" деп шорт кесті. ...Екеуміз бірге отырып жыладық. Мен баланы қалдыруға қимай, ол мені көндіре алмай... ...Айтпақшы кетер алдын жетінші күнінде азан шақырып, есімін де қойып кеттік. Есімі ерекше. Солай ата-әжесі қарап қалды. Алла қалауымен диагноз жоққа шығып, жақсы жаңалықтармен елге қайтуға дайындалдық", - деп жазды блогер сол кез туралы.
© elements.envato.com
2023 жыл тек шоу бизнес өкілдері үшін ғана емес еліміз үшін де қуанышты жаңалық болды. Себебі Қазақстанның 20 миллионыншы сәбилері дүниеге келді. Халықтың деректер базасының көрсеткіштеріне сәйкес, 2023 жылғы 14 қарашада таңғы сағат 8.10-да туған 5 бала еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанды. Қазақстанның мерейлі азаматтары Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келді. Олардың ішінде 3 ұл және 2 қыз бар.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Е. Ерболұлы