Биыл оңтүстікте қуаңшылық болуы ықтимал

Биыл оңтүстікте қуаңшылық болуы ықтимал
Фото: Тұрар Қазанғапов

Биыл еліміздің оңтүстік өңірлерде қуаңшылық болуы мүмкін. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК агрометеорологиялық болжау басқармасының басшысы Камар Салиева айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Солтүстік өңірлерде күз және қыс бойы жиналған ылғал қоры жеткілікті. Бірақ біздің маусымдық болжамымыз бойынша шілде мен тамызда ауа температурасы мен жауын-шашын мөлшері нормаға жуық болады деп болжап отырмыз. Бірақ жекелеген облыстарда яғни оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде қуаңшылық болуы мүмкін", - деді Камар Салиева елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қуаңшылық болжамы тағы нақтыланады.

"Бізде қуаңшылық болжамы бір айға жасалады. Бұл болжамды 23 сәуірде тағы нақтылаймыз. Деректер "Қазгидрометтің" ресми сайтында жарияланады", - деді басшы.

Аяз Есен 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz