- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Биыл неліктен әскери...
Биыл неліктен әскери шеру өткізілмейтіні белгілі болды
Биыл Қазақстанда Жеңіс күні қарсаңында әскери шеру өткізілмейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, министрлік әскери-патриоттық шараларды жоспарлаған. Алайда биыл әскери шеру өткізілмейді.
"2023 жылы Қазақстанда әскери шеру өткізу бюджет қаражатын үнемдеуге, басқа да міндеттерді шешу қажеттігіне байланысты жоспарланбайды. Қазақстан Қарулы Күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығын қолдау басым бағыт саналады", - делінген хабарламада.
Қорғаныс министрлігі әскери-патриоттық іс-шараларды жоспарлап, өткізіп жатыр. Соның ішінде ерекше көзге түскен әскери қызметшілерді құрметтеу, соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алу және олардың ерлігін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова