- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Биыл мопед апатынан...
Биыл мопед апатынан 48 адам қаза болды
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха биыл 8 айда мопед апатынан 48 адам көз жұмғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, қазір "Сергек" және басқа да бейнебақылау камералар арқылы мопед жүргізушілерінің кім екенін анықтау мүмкін емес. Мопедтерде мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ.
"Осыны пайдаланып, ондағы жүргізушілер жол ережесін әдейі бұзады. Бүгінде ІІМ дерегінше, елімізде 80 мыңнан аса мопед бар. Бүгінде оларды тіркеу міндетті емес.
Былтыр 12 айда мопедтің қатысуымен 750 көлік апаты тіркеліп, 39 адам қаза тауып, 730 адам жараланды.Биыл 8 айда осындай 962 көлік апаты тіркелді. Салдарынан 48 адам көз жұмды, 1024 адам жараланды", - деді Игорь Лепеха Сенаттың жалпы отырысында.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Есен