• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Биыл мемлекетке блогерлерден қанша пайда түсті?

Биыл мемлекетке блогерлерден қанша пайда түсті?
Фото: elements.envato.com

Елімізде ресми тіркелген 745 блогер бар. Биыл 9 айда олар мемлекетке 1,2 миллиард теңгеден аса салық төлеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап. 

"Қазақстан Республикасының "Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы" заңының ережелеріне сәйкес инфлюенсер (блогер) - онлайн-платформада басқа да тұлғаларға ақпаратты кәсіпкерлік қызмет мақсатында жариялайтын онлайн-платформаны пайдаланушы. Бүгін республика бойынша 745 блогер бар. Салық кодексіне сәйкес, блогерлердің, оның ішінде жарнама беруден немесе ақпараттық өнімдерді жылжытудан түсетін табыстарға салық салынады", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, бұл тізім әлеуметтік желілерде - Instagram, Youtube, TikTok-та 20 мыңнан аса жазылушысы бар жеке тұлғалардан құрылған. Егер блогер жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланса, оның жылдық табысының мөлшері 12 ең төмен жалақыдан асса (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы - 85 мың теңге, бұл 1 020 000 теңге болады) жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті.

"Жалпы, отандық блогердің көпшілігі - қазір кәсіпкер және қолданыстағы салық режиміне байланысты тиісті салықтарды төлейді. Осылайша, өткен 9 айда олар 1 миллиард 226 миллион теңгеден астам салық төлеген", - деді комитет өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда қанша блогер бары және олар қанша салық төлегені айтылған еді. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget