Биыл мектеп бітіру кешін өткізуге бола ма? Министрлік қатаң талап қойды

Биыл мектеп бітіру кешін өткізуге бола ма? Министрлік қатаң талап қойды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Оқу-ағарту және Ішкі істер министрліктері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, орта білім беру ұйымдарында бітіру кештерін өткізуге байланысты талаптарды нақтылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қабылданған шаралар бойынша білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқығын қорғау және құқықбұзушылықтардың алдын алу көзделеді.

"Аттестаттарды табыстау рәсімі тек білім беру ұйымдарының ғимараттарында ұйымдастырылады. Білім алушылардан, олардың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен қаражат жинауға қатаң тыйым салынады", - деп жазылған хабарламада.

Министрлік мәліметінше, белгіленген талаптарға сәйкес бітіру кештерін білім беру ұйымдарынан тыс жерлерде ұйымдастыруға жол берілмейді.

Жергілікті атқарушы органдарға қаржылық шығынды талап етпейтін тәрбиелік және мәдени-ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыру, түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget