2022 жылғы қаңтар мен тамыз аралығында ҚР ІІМ-нің 199 қызметкері қылмыстық құқықбұзушылық жасаған, бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда, 12,7 пайызға аз, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.
Осы көрсеткіш ішінде 149 адам ауыр қылмыстық құқықбұзушылық жасаған, ал 22 қызметкер ауырлығы төмен құқықбұзушылық жасаған, ауырлығы орташа құқықбұзушылықты 25 қызметкер, аса ауыр құқықбұзушылықты 1 қызметкер жасаған.
Өңірлер арасында ең көп құқықбұзушылар Алматыда анықталған, яғни 25 адам. Былтырмен салыстырғанда, 8,7 пайызға көп. Одан кейін Ақтөбе (19 адам, жылына 72,7 пайыз), Алматы (17 адам, 54,5 пайыз) және Солтүстік Қазақстан (17 адам, жылдық өсім 2,4 есе) облыстары тұр.
Қылмыстық құқықбұзушылық жасаған ІІМ қызметкерлерінің ең аз саны Шығыс Қазақстан облысында тіркелген, былтыр 17 адам болса, биыл бары - 1 адам.
ІІМ қызметкерлері арасында құқықбұзушылар саны Атырау (6 адам,) және Жамбыл (9 адам) облыстарында да айтарлықтай төмендеген.
ІІМ қызметкерлері арасындағы құқықбұзушылардың жартысы мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқықбұзушылықтар жасаған, яғни 100 адам. Бұл былтырмен салыстырғанда, 2 пайызға аз. Оның ішінде пара алу, билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану деректері бар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!